Тiрiдей жерленген сәби аман қалды

Тiрiдей жерленген сәби аман қалды

Тiрiдей жерленген сәби аман қалды
ашық дереккөзі
Бразилияда тiрiдей жерленген сәби сегiз сағат бойы жер астында жатып, аман қалған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап. Нәрестенi екi полиция қызметкерi тауып алған. Олар жер астынан дыбыстар естiп, бiрден қаза бастайды. Тәртiп сақшылары шамамен 50 сантиметр тереңдiктен кiшкентай қыздың денесiн байқаған. Полицейлер сәбидiң денсаулығына зақым келгенi-келмегенiн тексеру үшiн жедел түрде ауруханаға жеткiзген. Дәрiгерлер нәрестенi емханаға жатқызып, оның жағдайының жақсы екенін айтады. Полиция мәлiметiнше, тергеу барысында қыздың анасы Бразилияның 15 жастағы тұрғыны екенi анықталды. Ол толғақтың жуынатын бөлмеде басталғанын айтып, сәбидiң еденге баспен құлағанын жеткiзген. Жаңа туған нәресте жыламағандықтан, босанған қыздың 57 жастағы әжесi нәресте өлi деп ойлап, қателескен екен. Егде жастағы әйел дәстүр бойынша оны матаға орап, жерге көмеді. Ал полиция басшысы бұны таңғажайып жағдай деп отыр.