Әлемдегі ең бай спортшы кім?

Әлемдегі ең бай спортшы кім?

Әлемдегі ең бай спортшы кім?
ашық дереккөзі
Forbes рейтингіне сәйкес, америкалық боксшы кіші-Флойд Мейвезер әлемдегі ең көп гонорар төленетін спортшылар тізімінде көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап. Мәлім болғандай, өткен жылы 41 жастағы спортшы 285 млн доллар табыс тапқан. Бұл тізімде испаниялық «Барселона» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 111 млн доллармен екінші орында тұр. Үшінші орынға мадридтік «Реалдың» португалдық футболшысы Криштиану Роналду орналасқан. Ол былтыр белді рейтингте көш бастаған еді. Осы маусымда португалдық 108 млн доллар ғана тапқан.