7 Маусым, 16:40 530 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Қытайдың Қазақстандағы елшісі қызметінен кетті

 Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚХР сыртқы саяси ведомствосының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім етілгендей, Чжан Ханьхуэй Қазақстандағы елші қызметін аяқтағаннан кейін, ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі болып тағайындалды. Чжан Ханьхуэй 1963 жылы Ляонин провинциясында дүниеге келген. Еңбек жолын 1988-1992 жылдар аралығында Бейжің қаласындағы дипломаттарға қызмет көрсету бюросында аудармашы лауазымынан бастаған. 1992-1995 жылдары Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінің үшінші хатшысы;  1995-2001 жылдары ҚХР Сыртқы істер министрлігі Еуразия департаментінің үшінші хатшысы, директорының орынбасары және директор қызметтерін атқарған. 2001-2014 жылдары ҚХР-дың Украинадағы елшілігінің кеңесшісі, ҚХР Сыртқы істер министрлігі Еуразия департаменті кеңесшісі және Еуразия департаментінің басшысы болды. 2014-2018 жылдары ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі миссиясын атқарды.

Соңғы жаңалықтар