Жаңалықтар

Алматы облысында мешіттен сейф ұрланды

ашық дереккөзі

Алматы облысында мешіттен сейф ұрланды

Алматы облысында белгісіз біреулер мешіттен ақша тұрған сейфті ұрлап кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгін түнде Алматы облысы Кербұлақ аудандық ІІБ-не мешіт имамы орталық мешітте белгісіз біреулердің ішінде 400 мың теңге мен құжаттар болған сейфті ұрлап кеткені жайлы хабарлады", -деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері. Сондай-ақ, Алматы облысында халықаралық іздеу жарияланған күдіктінің ұсталғаны айтылады.