Ж.Бекшин: Қазақстанда менингитпен ауру көрсеткіші төмендей бастады

Ж.Бекшин: Қазақстанда менингитпен ауру көрсеткіші төмендей бастады

Ж.Бекшин: Қазақстанда менингитпен ауру көрсеткіші төмендей бастады
ашық дереккөзі
Қазақстанда менингитпен ауру көрсеткіші төмендей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті. «Аурудың беті қайтты. 17-ші апта шарықтау шегі болды, бұл кезде республикада бір аптада - 15, Алматы қаласының өзінде 13 адам тіркелді. Сол шарықтау шегінен өттік. Бүгін қуанып отырмыз, Алматыда төрт тәуліктен бері менингококтық инфекциямен келіп тіркелген ешкім жоқ», - деді ол. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша 24, Алматыда 12 науқас емделіп жатыр. «Алматыдағыларды ауруханадан шығарып жатырмыз, 14 науқас емделіп шықты, осының өзі аурудың беті қайтқанын көрсетеді», - дейді бас санитар.