Елбасы Қазақстанның ары қарай дамуының бес негізгі бағытын атады

Елбасы Қазақстанның ары қарай дамуының бес негізгі бағытын атады

Елбасы Қазақстанның ары қарай дамуының бес негізгі бағытын атады
ашық дереккөзі
 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ары қарай жаңғыру жолын жалғастырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жүзеге асырылуы тиіс бес бағытты атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ұ "Бүгінгі таңда бәрімізде жаһандық өзгерістердің болып жатқанын көріп отырмыз. Әлемде соғыстар, терроризмдер, экстремизмдер де орын алып жатыр. Өкінішке қарай, мемлекеттердің санкциялық  текетірестері, ұлы державалардың ортақ келісімінің болмауы бар. Сондықтан, осы қиындықтардың бәрін еңсеру керек. Ол сөзсіз Қазақстанға да қатысты", - деді Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысында. Нұрсұлтан Назарбаев осы қиындықты еңсеру үшін өткен жылы "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы" бағытында тапсырмалар жүктелгенін атап өтті. "Біздің Қазақстанның халықаралық резервтері 90 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл - екінші экономиканы құрудың, біздің халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің негізі. Бизнес бойынша Бүкіләлемдік банктің рейтингінде Қазақстан 64-орыннан 36-орынға көтерілді. Қысқа уақыттың ішінде біз осындай жетістіктердің арқасында жаңа Астананың іргесін қаладық", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент өз сөзінде ары қарай жаңғыру жолын жалғастырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін келесі бағыттардың керектігі туралы атап өтті. "Біріншіден, ревалиторлы ортаның жақсаруы. Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы жаңа заң, салықтық-кедендік кодекстер күшіне енді. Жуықта мен кәсіпкерлікті реттеу туралы заңнамалық өзгерістердің пакетіне қол қойып, біздің бизнеске қадағалаусыз жұмыс істей алатындай көптеген өзгерістер енгізілді. Құқықтық жоғары қою саласына, мемлекеттік басқарудың сапасына ерекше маңыз беріп отырмыз", - деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, екіншіден экономиканың диверсификациясы мен жаңа технологиялардың енгізілуіне назар аударылмақ. "Қазақстан табиғи байлыққа, мұнай мен газға, Менделеев кестесінде бар металдың барлық түріне бай. Алайда біз белгілі мәселемен бетпе-бет келіп, осы себепті баламалы экономиканы құру қажеттілігі өткір сезіледі. Сондықтан, біз 6 жыл бұрын индустриаландыруды бастап, содан бері 1200 жаңа кәсіпорынды іске қостық. Шикізаттық емес экспорттық тауарлардың тізімі 800-ге дейін артты. Мұның бәріне сіздердің (инвесторлардың - авт.) компанияларыңыздың арқасында қол жеткізілді", - деді ол. Нұрсұлтан Назарбаев келесі бағыт - агроөнеркәсіптік сала екенін тілге тиек етті. "Органикалық өнімдерді өндіруге мүмкіндік бар. Бұл ретте Қазақстанның мүмкіндігі зор деп айтуға болады. Еңбек өнімділігін арттыру, экспортты алдағы бес жылда екі жарым есеге арттыру міндеті тұр. Бұған тек өнімді өңдеу арқылы жетуге болады. Нарықтар қазір барлық бағытта ашық. Ресейлік, қытайлық, Таяу Шығыс нарықтарына енуге болады. Ол үшін барлық көліктік артерияларды жасап қойдық", - деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев айтуынша, Қазақстан құрылыс саласының қарқынына баса маңыз береді. Өткен жылы Қазақстан тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 11 млн шаршы метрлік баспананы пайдалануға берген. "Үшіншіден, инфрақұрылымның жаңғыртылуы. Біз Еуразиялық мультимадальды көліктік транзиттік хабты реформалап жатырмыз. Соңғы 10 жылда инфрақұрылымдық бағдарламаны жүзеге асыра отырып, біз 3 мың шақырым темір жол, 6,5 мың шақырым автокөлік жолын салдық. Қытаймен шекарада логистикалық хабтар, елдің батысында теңіз порттары салынды. Төртіншіден - цифрландыру. Біз мемлекеттік "Цифрлық Қазақстан" атты бағдарламаны енгіздік. Ол экономика салаларын цифрландыруды және инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте біздің шетелдік әріптестердің тәжірибесі керек. Цифрлық технологияларды біздің базалық саладағы кәсіпорындарға енгізу керек. Бесіншіден, адам капиталын дамыту. Экономиканың жаңғыртылуы мен цифрландыруды есепке ала отырып, білім жүйесі жаңғыртылуы тиіс. Елімізде зияткерлік мектептері ашылып, шетелдіктермен мойындалған оқу бағдарламалары әзірленді. Осы ретте 12 жылдық білім беру жүйесіне көше отырып, біздің елдің барлық оқу бағдарламалары жаңартылады", - деді Президент.