2021 жылға дейін 6 мың ауылға интернет жетеді

2021 жылға дейін 6 мың ауылға интернет жетеді

2021 жылға дейін 6 мың ауылға интернет жетеді
ашық дереккөзі
2021 жылға дейін 6 212 ауылдық мекенді интернетпен қамту жоспарланған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев электронды коммерцияға арналған бүгінгі Үкімет отырысында мәлім етті. «Халық арасында Интернетті пайдаланушылар санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Заман талабына сай телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру нәтижесінде елімізде интернетті пайдаланушылар саны 2017 жылы 78,8 процентке жетті. Сонымен қатар, министрлік мемлекеттік жеке серіктестік механизмі арқылы «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін  талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты интернетпен қамту» жобасын іске асырып жатыр», - деді Дәурен Абаев. Министрдің айтуынша, 2018 жылдың 11 сәуірінде Қазақстанның радиожиілігі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша халқының саны 50 және одан асатын елді мекендерге интернет орнату туралы шешім қабылданды. Жоба аясында 2021 жылы тұрғындарының саны 50 және одан да асатын 6 212 ауылдық мекенді интернетпен қамту жоспарланып отыр.