"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы

"Тиімсіз әрі шығыны көп". Министр менингиттен вакцинациялау туралы
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингиттен вакцинациялауға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Нормативтік-құқықтық базамызға сәйкес, вакцинация бойынша шешімді жұқпалы арулар бойынша ұлттық координациялық консультативтік комитеті шығарады. Отырыс өткен аптада өткен, оған инфекционистер мен эпидемиологтар енді. Олар вакцинация енгізу мәселесін қазір ерте және менингит бойынша вакцинация жүргізуді ұлттық күнтізбеге енгізуге қажеттілігі жоқ деген шешім шығарды. Бұл тиімсіз әрі шығыны көп шара болар еді. Ауру жұқтырғандардың саны орташа-бақылаудағы деңгейде», – деп мәлімдеді министр. Сонымен қатар министр карантин жариялаудың қажеті жоқ екенін атап өтіп, қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұрады.