Танзаниялық сиам егіздері қайтыс болды

Танзаниялық сиам егіздері қайтыс болды

Танзаниялық сиам егіздері қайтыс болды
ашық дереккөзі
Танзанияда сиам егіздері Мария мен Консолата Мвакикути 22 жасында жергілікті ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Би-би-си. Олар мұнда соңғы жарты жыл бойы тұрып келген.Апалы-сіңлілі егіздер Танзанияда кеңінен танымал және бәрінің сүйіктісі еді.Олар қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік желіде көптеген көңіл айту хабарламалары пайда болды. Танзания президенті Джон Магуфули твиттерде, олардың өліміне қатты қайғыратындығын жаза келе,  Консолата мен Мария еліне пайдасын тигізуді армандағандарын атап өткен. Өткен жылы Би-би-си-ге берген сұхбатында апалы-сіңлілер, университетті бітірген соң ұстаз болып еңбек еткілері келетіндіктерін айтқан еді.