Дональд Трамп Ақ үйде алғаш рет ауызашар өткізеді

Дональд Трамп Ақ үйде алғаш рет ауызашар өткізеді

Дональд Трамп Ақ үйде алғаш рет ауызашар өткізеді
ашық дереккөзі
Осы аптада Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде Ақ үйде алғаш рет ауызашар өткізеді, деп хабарлайды Huffington Post. Ақ үйде 20 жылдан бері дәстүрлі түрде ауызашар ұйымдастырылып келе жатқан болатын, бұл дәстүрді былтыр Трамп бұзған еді. Ауызашар сәрсенбі, 5 маусымға жоспарланған. Іс-шараның жоспары, шақырылған қонақтар әзірге жарияланған жоқ. Дәстүр бойынша ауызашарды АҚШ президенті мен елдің бірінші ханымы өткізеді. Әзірге кешкі асқа Мелания Трамптың қатысатыны белгісіз. Ол 10 мамырда бүйрегіне ота жасалғаннан кейін халықтың алдына шыққан жоқ. Былтыр Ақ үй Рамазандағы кешкі асты ұйымдастырмауына байланысты сынға қалған еді, деп жазады Politico. Ауызашар беру дәстүрін өз уақытында АҚШ президенттері Билл Клинтон, кіші Джордж Буш және Барак Обама қолдаған болатын. Өткен айда Трамп АҚШ-тағы және барлық әлемдегі мұсылмандарды қасиетті аймен құттықтады.