Әлемдегі жолы нашар елдердің тізімінде Қазақстан да бар

Әлемдегі жолы нашар елдердің тізімінде Қазақстан да бар

Әлемдегі жолы нашар елдердің тізімінде Қазақстан да бар
ашық дереккөзі
2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нұсқасы бойынша әлемдегі жолдары ең жақсы және ең нашар елдердің тізімі жасалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Тізімге 137 ел кірді. Жол сапасы бір мен жеті балл аралығында бағаланды. Дегенмен ешбір ел ең жоғары балды ала алмады. Әлем бойынша ең жаман жолдар Мавританияда болып шықты. Ел екі балл алған. Оның артында 2,1 балл алған Конго Демократиялық Республикасы мен Гаити тұр. Төртінші және бесінші орын Мадагаскар мен Гвинеяға бұйырды. Бұл елдердің жолы 2,2 балмен есептелген. Одан әрі Йемен (2,3 балл), Парагвай (2,4 балл), Украина (2,4 балл), Мозамбик (2,5 балл) және Молдавия (2,5 балл) тұр. Рейтингтің басында Біріккен Араб Әмірліктері (6,4 балл), Сингапур (6,3 балл), Швейцария (6,3 балл), Гонконг (6,2 балл), Нидерланды (6,1 балл), Жапония (6,1 балл), Франция (6 балл), Португалия (6 балл), Австрия (6 балл), сонымен қатар АҚШ (5,7 балл) бар. Бұл тізімде Қазақстан 2,9 балмен 115-орыннан табылды.