Дүйсенбі, 26 Қыркүйек, 2022

Астананың 20 жылдығына – 20 түрлі байқау

Астананың 20 жылдығына 20 түрлі байқау жарияландыАстананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Астананың 20 қыры» атты мультижанрлық конкурсы жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  

«Мүмкін сіз баяғыдан Астананың сүйікті орындары туралы туристік маршрутыңызды ұсынғыңыз келген шығар. Қала туралы аңызды баяндап немесе қаланың туған күніне өз құттықтауыңызды жеткізгіңіз келетін шығар? Сіздерге қала бойынша ауқымды фотожобаға қатысып, киноиндустрия мамандарының қолдауымен фильм түсіріп, картина жазып, арт-объект эскизін, тақпақ немесе сурет салуды ұсынамыз», – делінген Астана қаласы әкімдігінің ресми хабарламасында. Кез келген тілек білдіруші байқаудың 20 номинациясы бойынша бақ сынай алады. Атап айтқанда үміткерлер «Астана әлемі», «Болашақтың Астанасы», «Архивтердегі Астана», «Сакралды Астана», «Astana city guide», «Қала аңыздары», «Астана – менің тағдырым», «Астана қайырымды адамдар қаласы», «Astana Public Art», «Елорданың бейнелері», «Елордаға үздік сыйлық», «Welcome to Astana!», «Астананың бояулары», «Астананы әсем қалаға айналдыр!», «Астана дәмі», «Астанаға арнау», «Astana Hits», «Қонаққа шақырамыз!», «Спорт – саулық кепілі!», «Елорда бастауларында» аталымдарында фотосуреттер, видеоматериалдар, жобалар, нобайлар, квест сценарийлері және тағам рецептілерін жолдай алады. Сондай-ақ,  «Менің Астанам» үздік құттықтаулар байқауы, «Елорданың үздік селфиі», журналистер  үшін «Жетістіктердің елордасы – Астана» және блогерлер үшін – «Сенің Астанаң» байқаулары ұйымдастырылады. Материалдар 30 мамыр мен 25 маусым аралығында қабылданады. Байқау қорытындысы бойынша Астанаға арналған «Идеялар банкі» құрылады. Онда әрбір тұрғын абаттандыру, мәдени және спорттық шаралар, заманауи қоғамдық орындар құру және өзге де ұсыныс-тілектерін жібере алады. Астана әкімдігі барлық ұсыныстар үшін ашық. Байқау талаптары мен номинациялары туралы толық ақпарат сайтта жарияланған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button