Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда кездеседі

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда кездеседі

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда кездеседі
ашық дереккөзі
Дональд Трамп жұма күні солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ынмен кездесу 12 маусымда өтетінін хабарлады. Бұл мәлімдеме тараптардың бірнеше апта бойы мәмілеге келе алмағандарынан кейін жасалды, деп хабарлайды Рёнхап агенттігі. Трамп Ким Чен Ынмен Ақ үйдегі кездесуден кейін дәл осындай мәлімдеме жасады. Саммит Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын жабу мәселесін талқылау үшін Сингапурде өтетінін айтылған. «Біз кездесуді 12 маусымда Сингапурде өткіземіз. Байланысымыз ары қарай дамуда, бұл - қуантарлық жайт», - деді Трамп Солтүстік Корея президентінің жақын көмекшісі Ким Ён Чхольмен Ақ үйде өткен кездесуден кейін. Тараптар арасында Солтүтік Кореяның ядролық бағдарламасына және нәтижесіндегі қауіпсіздіктің кепіліне қатысты келіспеушіліктері бар. АҚШ Солтүстік Кореяның қандай да кепіл бермес бұрын бағдарламаны дереу жойғанын қалайды, алайда Пхеньян бағдарламадан біржақты тәртіпке бас тартуды тиімсіз деп ойлайды. Трамп баспасөз қыметіне мәлімдеме беру барысында Солтүстік Корея дамығысы келетінін, сол себептен ядролық бағдарламаны жабатынын айтқан. Алайда, Солтүстік Кореяның бұл талапты қабылдауы немесе қабылдамауы туралы сауалдарға жауап бермей, барлық мәселе 12 маусымда шешілетінін, әзірге ешқандай құжаттарға қол қойылмайтынын айтқан. Ким Ён Чхоль Трамппен Ақ үйде кездеспес бұрын Нью Йоркте АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен Сингарпурде саммит өткізу туралы талқылаған. Кездесуден кейін Помпео келіссөздерде ілгерілеу барын, алайда алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Трамп Ким Чен Ынге жазған ашық хатында «Пхеньянның жаулық көзқарасынп» байланысты Солтүстік Кореяға қатысты саммиттің өткізілмейтінін жеткізді. Алайда Солтүстік Кореяның бітістіру туралы мәлімдемесінен кейін ол жоғары деңгейде кездесуді өткізу жөнінде шешім қабылдады. Бұдан кейін екі елдің ресми тұлғалары саммит өткізудің бүге-шігесін талқылау үшін Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасында, сонымен бірге Сингапур аумағында кездесулерін жалғастыра берді.