Жаңалықтар

Бөбектер арасында еңбектеуден өткен тұңғыш чемпионат

ашық дереккөзі

Бөбектер арасында еңбектеуден өткен тұңғыш чемпионат

Бөбектер арасында еңбектеуден тұңғыш чемпионат өтті. Бұл Қырғызстанның Ош қаласында болды. Ош қалалық Жастар жөніндегі комитеті Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бөбектер арасында  «Менин биринчи ийгилигим» девизімен жарыс ұйымдастырды. Шамамен 100 сәби бәсекеге қатысты. Бірінші орынды 11 айлық Алихан Сатимбаев иеленсе, 2-орын 11 айлық Адиля Ниматиллаеваға, үшінші орын 10 айлық Аруузат Соотбековаға бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар алды, ал олардың ата-аналарына құрмет грамоталары тапсырылды.