700-ден аса балалар үйінің тәрбиеленушілері «Алпамыс» театралды-цирк шоуын тамашалайды

700-ден аса балалар үйінің тәрбиеленушілері «Алпамыс» театралды-цирк шоуын тамашалайды

700-ден аса балалар үйінің тәрбиеленушілері «Алпамыс» театралды-цирк шоуын тамашалайды
ашық дереккөзі
 «Алпамыс» театралды-цирк шоуын 700-ден аса балалар үйінің тәрбиеленушілері тегін тамашалайды. 2018 жылғы 1 маусымнан бастап Астанадағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі астананың 20 жылдығына арнайы ұйымдастырған «Алпамыс» керемет театралды-цирк шоуы көрсетіледі. Ұлы халық пен ежелгі керемет қаланың аңызға айналған өткен күні туралы шоуды ауқымды театралды-цирк көрсетілімдерін енді Балалар үйінің тәрбиеленушілері тегін тамашалай алады. «Алпамыс» ауқымды театралды-цирк көрсетілімін мамандандырылған, көптеген халықтың аңыздары мен мифтеріне жаңа өмір сыйлап жүрген «Журавли» спорт театры қояды. «Алпамыс» қойылымына әр елден 70 әртіс қатысады. Олардың барлығы халықаралық цирк байқауларының лауреаттары мен ең жоғары деңгейдегі спорт сайыстарының жеңімпаздары. Көрермен назарына әуе гимнастарына арналған бірегей аспалары, субұрқақтары, арнайы эффектілері мен бірегей декорациялары бар жоғары технологиялы сахна ұсынылады. Айта кетейік, «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені – мәдени туристік және имидждік бірегей жоба болып табылады. Ұлттық-мәдени кешенге келушілер қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен және дәстүрімен таныса алады, көшпенділер өркениетінің этномәдени ортасына тап болып, ауылдың күнделікті және мерекелі өмірін тамашалайды. Этноауылда қазақ музыкалық және театр өнері фестивалі, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік мектептері, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыка фестивалі, атты-спорт шаралары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және тағы да басқа шаралар өтеді