Жаңалықтар

ОҚО жəне Шымкент қаласының əкімдері қала тұрғындарына үндеу жолдады  

ашық дереккөзі

ОҚО жəне Шымкент қаласының əкімдері қала тұрғындарына үндеу жолдады  

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші  мегаполисі атанды. Сіздерді осынау тарихи маңызды оқиғамен құттықтаймыз! Жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары. Миллионды қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар. Барлығы қаланың дамуына жаңа серпін береді. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті.