Жаңалықтар

Көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға бірегей ота жасалды  

ашық дереккөзі

Көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға бірегей ота жасалды  

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен «Ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу» атты көз іші қатерлі ісігі – ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік-сыныбы өтуде.  Шеберлік-сыныбы аясында елімізде тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиотерапия (СИАХТ)  жүргізіліп, орталықта жатқан 4 балаға ота жасалды.