Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Маңғыстау облысына барды
1 маусым, 2018 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Маңғыстау облысына барды
Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Маңғыстау облысында атаулы профилактикалық жұмыстар жүргізді. Осы жылдың 28 мамыры – 1 маусымы аралығындағы кезеңде Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Маңғыстау облысында бірқатар шараларды іске асырады.
Жүргізілген жұмыстар барысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен атаулы кездесулер өткізуге айрықша көңіл бөлді.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жаңаөзен қаласына және Мұнайлы ауданына сапарлап барды. Мұнайгаз саласының қызметшілерімен, оның ішінде радикалдық діни көзқарасты ұстанатын азаматтармен жеке кездесулерге ерекше көңіл бөлінді. Айталық, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері А.Ұтысхан, М.Орынбай, Б.Қожагелдинов дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша түсінік берді.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері сондай-ақ радикалдық діни көзқарасты ұстанатын, облыстың түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен жеке кездесулер өткізді.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері И.Беркімбаева, Г.Ахметова, З.Үсенова, Т.Мұстафина оқушылармен және жас балаларын ектіруден бас тартқан отбасылардың мүшелерімен, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанатын әйелдермен профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Әйел жамағаты өкілдерімен, әйелдердің коммуникативтік және кәсіптік білім-білігін арттыруға бағытталған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері өңірлік телеарнаға сұхбат берді. Бекітілген кестеге сәйкес Маңғыстау облысына қайта келу ағымдағы жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.