Жаңалықтар

54 курсант оқу үздігі атанбақ

ашық дереккөзі

54 курсант оқу үздігі атанбақ

«Ежелден ел тілегі ер – тірегі, Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.» деп даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай бүгінгі әңгімеміз Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бітіруші түлектері жайында болмақ. Офицер боламын, Отан қорғаймын, Тәуелсіздік туын биікке көтеремін, ел тілегін ақтаймын деп мақсат қойған азаматтар, бүгінде бес жыл уақытты артқа тастап, басты күн мемлекеттік аттестациялық емтиханға да келіп жетті. Осы сыннан сүрінбей өтсе, иықта қос жұлдыз лейтенант алатын күнде тым жақын.       Мамыр айының 21 жұлдызынан бастап Радиоэлектроника және байланыс-әскери инженерлік институтында бітіруші түлектері үшін мемлекеттік аттестациялық емтихан басталды. Бітірушілер үшін бұл өте маңызды күн. Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қарулы Күштерінің білікті де шенді офицерлері құрамынан комиссия төрағасы және мүшелері тағайындалып, қазіргі таңда әскери институт қабырғасында өз жұмыстарын бастады. Жылдан жылға қорғаныс басшылары білім саласына өзгерістер енгізіп, институт оқытушы-профессорлар құрамымен тыңдаушы курсанттарға  талаптарды күшейткен болатын. Институт бастығы полковник Асқар Досбосынұлы Мұстабеков, әрбір бітіруші түлектің, ертеңгі күні командир атанып, жеке құрам алдында үйренгенімен бөлісетінін және де адам өміріне, әскери техникаға, тәуелсіздік тұғырына жауапты екендерін екерте келе, сын сағатта сыннан сүрінбей өтулеріне тілектес екенін айтты.