Грант иегерлерінің есімі анықталатын күн таяу

Грант иегерлерінің есімі анықталатын күн таяу

Грант иегерлерінің есімі анықталатын күн таяу
ашық дереккөзі

Апта соңына дейін мемлекеттің грант иелерінің тізімі жарияланады. Биыл мектеп бітіруші түлектерге мемлекет тарапынан 32 мыңнан астам грант бөлінді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда едәуір аз. 2014-2015 оқу жылында 34 мың 165 грант бөлінген болатын. Биыл байқауға 67 мың түлек қатысуда. Ал былтыр 69 мың 624 талапкер мемлекеттік гранттан үмітті болған еді. «5-тамыз күні Республикалық комиссия өз жұмысын бастады. Осы жылы ЖОО-ға 32 168 грант бөлініп отыр. Биыл ҰБТ нәтижелері жақсы болғанының білесіздер. Байқауға 67 мың түлек түсіп отыр», – дейді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. 32 мың гранттың 12 500-і техникалық мамандықтарға, 6 мыңы — педогогикалық мамандықтарға, 2500-і ауыл шарашылық мамандықтарына бөлініп отыр. «Байқауға қатысқандардың 78 пайызы қазақ мектептерінің түлектері. Сәйкесінше, гранттардың 78 пайызы қазақ тілінде білім беретін бөлімдерге бөлінеді. Қалған бөлігі – орыс тілді мектеп түлектеріне беріледі. Білім гранттары иегерлерінің тізімі БАҚ беттерінде жарияланады. Комиссия отырысы біткен бойда нәтижелері министрліктің сайтына, кейіннен алдындағы қатарлы БАҚ сайттарына салынады. Осы аптада байқау нәтижесі толығымен белгілі болады», – деді А. Сәрінжіпов.