Футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

Футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды
ашық дереккөзі
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерін таныстыру рәсімін өткізді, деп хабарлайды ҚФФ-ның ресми сайты. Әйелдер құрамасын енді Рәзия Нүркенова жаттықтырады. Рәзия Нүркенова – Қазақстанда дүниеге келген. Қарағанды қаласының педагогикалық институтында білім алған. 1992 жылдан бастап Самара қаласының ЦСК ВВС командасында ойнаған. 2001 жылы футбол мансабын аяқтап, 2003 жылдан бастап ЦСК ВВС спорт мектебінде бапкерлік қызметін бастады. 2009 жылдан бастап әйелдер футболынан ЦСК ВВС кәсіби командасының бас бапкері атанды. 2007 жылдан бастап Ресей қыздар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі. Футболдан бірінші дәрежедегі төреші.