«Қорғас» орталығының қауіпсіздігіне арналған заң жобасын мақұлдады

«Қорғас» орталығының қауіпсіздігіне арналған заң жобасын мақұлдады

«Қорғас» орталығының қауіпсіздігіне арналған заң жобасын мақұлдады
ашық дереккөзі
«Қорғас» өзеніндегі «Шүкірбұлақ» бөгетінің құрылысын Қазақстан мен Қытай бірлесіп қаржыландырады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бөгет құрылысына арналған заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өткен жылдың маусым айында біздің Үкімет пен Қытай Үкіметі арасында «Қорғас» өзенінде «Шүкірбұлақ» бөгетін бірлесіп салуға арналған келісімге қол қойылды. Аталған бөгет «Қорғас» халықаралық орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Себебі орталық өте жоғары сел мен тасқын қаупі бар аумақта орналасқан», - деді Қ. Қасымов. Оның сөзіне қарағанда, құрылысқа екі жақ тең қаржы бөлетін болады. Құрылыстың жалпы сметалық құны 11,7 млрд теңге. «Бұған керекті қаражат 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетте қаралған», - деп нақтылады министр. Талқылаудан кейін палата депутаттары «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.