ЕАЭО туралы келісімге – төрт жыл
ЕАЭО туралы келісімге – төрт жыл
Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2014 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойылған болатын. Бүгінде ол халықаралық интеграциялық бірлестік ретінде бар бағыт бойынша жемісті қызмет атқарып келеді, - делінген ЕЭК Алқасының төрағасы Тигран Саркисянның осы күнге орай жасаған мәлімдемесінде.
Бұл туралы ЕЭК ресми сайтында жарияланды. «ЕАЭО елдерінің арасындағы сауда қарым-қатынастары 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 26,1%, ал ЕАЭО елдерінің ІЖӨ-нің жалпы көлемі 1,8% өсті. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО Кедендік кодексі күшіне енді. Онда құжат айналымдарын электронды түрде жүргізудің негізі қаланды. Халықаралық ынтымақтастық та күн санап кеңейіп келеді. Вьетнаммен еркін сауда аймағы жемісін беріп жатыр, Иран және Қытаймен келісімге қол қойылды. Өткен төрт жыл барысында атқарылған жұмыстарды мақтан етеміз, дегенмен алдымызда әлі де қыруар жұмыс күтіп тұр», делінген мәлімдемеде.