Алматыда рейд барысында ондаған заңсыз мигрант ұсталған
Алматыда рейд барысында ондаған заңсыз мигрант ұсталған
Алматы полициясы Өзбекстанның 13 азаматы мен Тәжікстанның тоғыз азаматы соттың миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан өз еркімен шығып кету туралы туралы шешімін орындамады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) хабарлауынша, екінші рет ұсталған 22 азамат қылмыстық жауапқа тартылмақ. Департамент күдіктілердің "шетелдік жұмыс күшін пайдалану ықтималдығы жоғары" нысандарды тексеру кезінде ұсталғанын айтады. Тексеру базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, оқу орындары мен құрылыс нысандарында жүргізілген.
Қазақстанның оңтүстігіндегі екі облыста өткен аптада "заңсыз миграцияның ықтимал арналарын, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау" мақсатында "Нелегал" деп аталатын жедел алдын алу шаралары жүргізілген. Полиция оның нәтижесі бойынша елге кіру және жүріп-тұру тәртібін бұзды деген жүздеген күдіктінің ұсталғанын, олардың көпшілігі әкімшілік қамауға алынғанын мәлімдеген.
Қазақстанда мұндай рейдтер жиі болып тұрады. Бірақ соңғы рейдтер Қазақстанның ірі қалаларында 21 мамыр күні өтпей қалған, билік рұқсат бермеген қарсылық акцияларының қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген соң жүргізілді.