Қостанайлық мектеп түлектері сабаққа пижамамен барған

Қостанайлық мектеп түлектері сабаққа пижамамен барған

Қостанайлық мектеп түлектері сабаққа пижамамен барған
ашық дереккөзі
Оқу жылының соңғы күні 24 мамырда қостанайлық мектептердің бірінің түлектері сабаққа пижамамен барған. Он бірінші сынып оқушылары осылайша мектепте аттарын қалдырғысы келіпті, деп хабарлайды Alau.kz. Түлектердің бірі Ангелина Нелюбинаның айтуынша, идеяны бүкіл сынып қолдаған. «Өткен жылы басқа мектептердің түлектері осылай істеді. Біз осылайша атымызды қалдырғымыз келді. Бізбен көпшілік суретке түсті. Ұстаздардың кейбірі керісінше, қолдамады», - деді ол. Ал, 25 мамырда сабаққа түлектер формамен барған. Енді олар емтихандар мен ҰБТ-ға дайындалып жатыр.