Мөлдір Әуелбекова аукционда қазақстандық боксшының қолғабын сатып алды

Мөлдір Әуелбекова аукционда қазақстандық боксшының қолғабын сатып алды

Мөлдір Әуелбекова аукционда қазақстандық боксшының қолғабын сатып алды
ашық дереккөзі
Атырауда «Astana Arlans» командасы боксшыларының қолғаптары аукционға қойылып, сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, кеше кешке бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны аяқталды. Әлемдік додада WSB жобасының үш дүркін чемпионы «Astana Arlans» Ұлыбританияның «BritishLionhearts» командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Ойын  соңында аукцион өткізіліп,  бәссаудаға «Astana Arlans» командасы боксшыларының  қолғаптары қойылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, дүбірлі додада жеңіске жеткен Қамшыбек Қоңқабаевтың қолғабы  3 миллион 700 мың теңгеге сатылды. Сондай-ақ, әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова  Асланбек Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алды. Аукционнан түскен барлық 7 миллион теңге науқас балалардың емделуіне жұмсалатын болады.