Щучье қаласына қалың қар түсті

Щучье қаласына қалың қар түсті

Щучье қаласына қалың қар түсті
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Щучье қаласында қалың қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірдегі қалың қардың видеосы мен суреттерін әлеуметтік желіде қолданушылар бөлісіп жатыр. Қалада түнде жауған қар таңертең жерді ақ ұлпаға көмкеріп тастаған. «Қармен бірге күн райы да салқындап, таңертең қардың беті қатса, қазір еріп жатыр. 2009 жылдың 25 мамырында да дәл осылай қар жауып, кейін күн бірден ысыған еді», -деп жазады желі қолданушысы. Сондай-ақ, Атбасар жəне Зеренді ауданының кей аумақтарында да қар жауған. Еске сала кетейік, кеше аймақтық ТЖД «Қазгидрометке» сілтеме жасап, Ақмола облысында мамырдың 27-сі күні кей өңірлерді қар жаууы ықтималдығын хабарлаған болатын.