Ақмола облысында «Қорғалжын-Арықты» автожолын су шайды

Ақмола облысында «Қорғалжын-Арықты» автожолын су шайды

Ақмола облысында «Қорғалжын-Арықты» автожолын су шайды
ашық дереккөзі
23 мамыр күні сағат 12.30-да «Қорғалжын-Арықты» облыстық  маңызы бар автожол учаскесін су шайып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Бұл туралы ІІМ ТЖД өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. Қатты желдің салдарынан  толқын көтеріліп, тереңдігі 10-30 см болатын су 100 метрге дейін жайылған. Кезекшілік ұйымдастырылып, жолда көлік қозғалысы шектелді. Сондай-ақ жолдың шетіндегі суға жүргізушінің қауіпсіздікті сақтағанынан УАЗ-3962 автокөлігі абайсызда батып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Көлік судан шығарылып, Қорғалжын елді мекеніне жеткізілді. Қазір дауылдың бәсеңдеуінен көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Елді мекендерге қауіп жоқ.