Жаңалықтар

Юлия Скрипаль Ресейге оралғысы келетінін мәлімдеді

ашық дереккөзі

Юлия Скрипаль Ресейге оралғысы келетінін мәлімдеді

Юлия Скрипаль ұзақ мерзімге Ресейге оралғысы келетінін мәлімдеді. Оның осы мазмұндағы бейне мәлімдемесін Reuters агенттігі көрсетті, деп хабаралайды centralasian.org Бұл оның наурыз айында әкесі Сергей Скрипальмен Солсбериде уланып, ауруханаға түскеннен кейінгі бірінші мәлімдемесі. Скрипаль уланғаннан кейінгі ағзасын қалпына келтіру өте ауыр жүріп жатқанын айтты. Тек әкесі екеуінің денсаулығы біртіндеп түзеліп келе жатқанын "үлкен сәттілік" деп атады. Юлия Скрипаль сонымен бірге өзінің не әкесінің атынан ешкім мәлімдеме жасамағанын, әрі ресейлік елшіліктен көмек сұрап жүгінгісі келмейтінін айтқан. Сергей Скрипаль және оның қызы Юлияны 4 наурызда Ұлыбританияның Солсбери қаласында ессіз күйінде тапқан. Олар біраз уақытқа дейін ауруханада ессіз күйінде жатты. Сергей мен Юлия Скрипальдердің қазіргі уақытта қайда екенін ешкім білмейді. Британ билігі Скрипальдерді кезінде Совет ғалымдары жасап шығарған "Новичок" деп аталатын затпен уланғанын айтады. Ұлыбритания арнайы қызметінің мәлімдеуінше, улы зат Ресей аумағында жасалынған. Бірақ Мәскеу мұны жоққа шығарады.