Қысылғандарға қол ұшын созды
Қысылғандарға қол ұшын созды
Көмекке зәру 14 отбасына (Алтайская көшесінде – 4, Якутская көшесінде – 2, Днепропетровская көшесінде – 4, Запорожская көшесінде – 3, Целинная көшесінде – 1 үй) құм, цемент, қиыршық тас, кірпіш және басқа да құрылыс материалдары жеткізіледі. Осыған дейін облыстық мәслихат депутаты – партияның депутаттық фракциясының мүшесі Қабылқақ Қапенов, төтенше жағдайлар департаменті, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары мен қалалық филиал қызметкерлері енген комиссия мүшелері ІІ Павлодарды түгел аралап, орын алған жағдайларды анықтады. –198 үйді аралап, жерасты суының үнемі көтерілуінен зардап шегетін көшелер мен үйлер анықталды. Олар – Якутская (45-тен 58-үйге дейін), Алтайская (46/1-79-үйлер), Днепропетровская (57-85-үйлер), Запорожская (57-78-үйлер), Целинная (49-78-үйлер), Муялдинская (57-66/1-үйлер), Сахалинская (59/1-60-үйлер), және Таллинская (62-68-үйлер) көшелерінде орналасқан баспаналар. Комиссия мүшелері құлағалы тұрған 14 үйді анықтады. Қалалық құрылыс бөлімі апатты тұрғын үйлерге қажетті құрылыс материалдарының тізімін жолдады, – деді Қ. Қапенов. Бүгінге дейін Якутская, Запорожская көшелеріндегі апатты үйлердің бәріне жеткілікті түрде құм жеткізілгенін атап өткен жөн. Сонымен бірге, осы шағын ауданның 12 зейнеткері мен көпбалалы аналарына азық-түлік жеткізілді.