Елбасы айтқан бес басты мегатренд

ТІЗГІНҚАҒАР СӨЗ

Астанада үш күнге созылған халықаралық экономикалық форум табысты аяқталды. Оның жұмысына Нобель сыйлығының лауреаттары, экономикалық және саяси мәселелерге байланысты орынды ой-пікір айтатын аузы дуалы, əлем мойындаған əйгілі сарапшылар мен саясаттанушылар, бизнестің жай-жапсары мен ұңғыл-шұңғылын жақсы білетін кәнігі кәсіпкерлер қатысты.

Бұл алқалы жиын игі дәстүрге айналғанын атап өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Он бірінші рет өткізіліп отырған бұл форум экономиканың, инвестицияның және инновацияның мейлінше өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Биылғы форум жаһандық сын-тегеуріндерге лайықты жауап табу мәселелерін де қарастырады. Сəйкесінше, форумда осы салалардағы білікті мамандар жиналып отыр. Олардың сөзін тыңдау, ұсыныстарын пайдалану біз үшін қашанда маңызды», – деді.

Қазақстан Президенті сонымен бірге өркениеттің жаңа жаһандық трансформациясына тоқталып, ғаламдық дамудың басты бес мегатрендін атап өтті. Бірінші – адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру, екінші – энергетикалық революция, үшінші – жер шарындағы тұрғындар санының жылдам өсуі, төртінші – урбанизацияның қарқыны мен сипаты, бесінші –  жаһандық еңбек нарығының өзгеруі. Елбасы көтерген бұл мәселелер қазіргі алмағайып уақытта әлемнің барлық дерлік елдерін күндіз-түні алаңдатып, маза бермей отырғаны мәлім. Қазақстан Президентінің тұжырымдары, форумға қатысушылардың пікіріне қарағанда, әлем елдері үшін өте өзекті. Осы ретте халықаралық сарапшылар Қазақстан Президенті ұсынған бес маңызды трендті әлемді біріктіруші батыл бастама деп баға берді. «Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана экономикалық форумында жария еткен 5 мегатренді Қазақстан, АҚШ, Қытай, Ресей үшін, жалпы барлығы үшін өзекті. Онда Үкіметтің де, бизнестің де алдында тұрған міндеттер қамтылған», – деген ой білдірді БҰҰ Даму бағдарламасының бас стратегиялық кеңесшісі Бен Слэй.

«Нұрсұлтан Назарбаев – ғаламдық ой өрісі терең саясаткер. Аталған мəселелерден Қазақстанның ғаламдық түйткілдерге бейжай қарамайтынын, халықаралық қарым-қатынаста өзара ынтымақтастықты нығайту жөніндегі көрегендігін байқаймыз», – деді Ресей, Шығыс Еуропа жəне Орталық Азияны зерттеу институтының қызметкері, қытайлық сарапшы Чжао Хуэйжун.

 ЕҢ МАҢЫЗДЫ  ТРЕНД– ЦИФРЛАНДЫРУ

 Қазақстан Президенті айтқан бірінші мегатренд – цифрландыру. Бұл бүгінгі таңда адамзат өмірінің барлық саласында өте өзекті және маңызды мегатренд. Онсыз алға басу әсте мүмкін емес. Цифрландыруды жан-жақты жүргізу арқылы қай елдің болсын экономикалық хал-ахуалы жаңа сапалық деңгейге көтерілетіні айдан анық. Оны күнделікті өмірде көріп жүрміз. Елбасы осыны алға тартты.

– Көз алдымызда экономиканың жаңа моделі қарқынды түрде құрылуда. Бизнес қана емес, сонымен қатар қоғамның барлық салалары цифрландырылуға бет алды. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы базалық факторларды өзгертеді. Қазір өндірісті қадағалайтын əрі жақсарта алатын, өзін-өзі жетілдіретін электронды жүйелер үйреншікті құбылысқа айналып келеді. 2030 жылға қарай жасанды интеллект əлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттырады, – деді Н.Назарбаев.

Қазір «криптовалюта, блокчейн технологиялары» деген терминдерге құлақ қаныға бастады. Қанығып ғана қоймай, қаласақ та, қаламасақ та, бұл күнделікті өмірімізге де еркін еніп келеді. Бұл әлемнің көптеген елдеріне тән жағдай. Өйткені криптовалюталар феномені мен блокчейн технологиясының жолын бөгеу, қарсылық білдіру мүмкін болмай қалатын түрі бар. Қазіргі қарқынына қарағанда, келешекте банктерді де барынша қамтып, қаржы нарығына түбегейлі өзгеріс əкелуі әбден мүмкін. Сондықтан әлем осыған әзір болуы тиіс. Мұндай жаһандық өзгерістер азуын айға білеген алпауыт компаниялардың өзін әлемдік нарықтан ығыстыруы ғажап емес. Бұл, біздің емес, атақты экономикалық сарапшылардың пайымы. Олардың болжамына қарағанда, алдағы он жыл ішінде əлемдегі 500 ірі компанияның 200-і жойылып кетеді. Қазақстан Президенті экономиканың жаңа цифрлы моделінің нəтижесі оның ұлғаюына ғана емес, сондай-ақ, 2017 жылы бизнес үшін ең қауіпті деп танылған киберқауіпсіздіктің артуына да байланысты екенін айтты. Сондықтан осының бәрі ойландырмай қоймайды. Бұл жағдай өмірлік өзгерістерді ерекше елеп-ескеріп, қарқынды даму ағынынан қалыс қалмай, нақты қадамдар жасау қажеттігін айқын аңғартады. Бұл бағытта елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде қолға алынғаны жұртшылыққа жақсы мәлім. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанда цифрлы инфрақұрылымның дамуына даңғыл жол ашады.

– Біз жаңа жағдайға бейімделіп келеміз. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру арқылы елімізде цифрлы инфрақұрылымның жəне ІТ-экожүйесінің дамуы қамтамасыз етіліп, тұрғындардың 85 пайызының цифрлы сауаттылығы артады. Біз жаңа технологияларды қолдана отырып, 5 жыл ішінде өңдеу секторындағы еңбек өнімділігін 1,5 есе арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті ортаға тастаған ұтымды ұсыныстарға байланысты форумға келген мәртебелі меймандар да қарап қалған жоқ, көзқарастары мен пікірлерін бүкпесіз білдіріп жатты. «Қазақстандағы цифрландырудың болашағы зор. Себебі дұрыс тәсіл таңдалып, басымдықтары алдын-ала анықталған. Ендігі жерде зор сенім мен мықты мамандар тобы қажет. 2030 жылға таман жасанды интеллект әлемдік экономиканы 16 трлн долларға арттыратынын ескерсек, цифрландыруға көшудің маңызы зор», – деді Ұлыбритания үкіметінің технологиялар бойынша кеңесшісі Лиам Максвелл.

Цифрландыру бойынша жұмыс дұрыс жүргізілсе, мемлекетке пайда зор. Біріншіден, Үкімет қаражатты үнемдеуге қол жеткізеді, екіншіден, халық үшін жұмыс істейді. Оларға жұмыс орындарын тауып береді. Үшіншіден, цифрландыру еңбекақыны өсіруге жол ашады.Ұлыбританияда орташа жалақы жылына 25 000-27 000 фунт стерлинг болса, цифрлы экономикада – 41 мың фунт. Қазіргі таңда Ұлыбритания экономикасының 15 пайызын цифрлы экономика құрайды. Оның өсу қарқыны экономиканың өзге бөліктерімен салыстырғанда екі есеге жоғары.

 АСТАНА – ИНВЕСТОРЛАРҒА АШЫҚ

 Қазақстанның елордасына биыл – 20 жыл. Осы уақыт аралығында қала қанатын кең жайып, алып құрылыстар мен еңселі тұрғын үйлер бой көтеріп, сәулетті шаһарға айналды. Астаналықтардың саны миллионнан асты. Елордада халықаралық маңызы зор алқалы басқосулар жиі өте бастады. Жалпақ әлем қазір Астананы жақсы біледі.

Қазақстанның бас қаласының қазіргі қарқынды дамуына инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Олар қаржысын Астанаға құюға ынталы. Себебі Астана үлкен қаржы орталығына айналатынына сенімді. Экономикалық форумға келген мәртебелі меймандардың басым бөлігі республика елордасы қарқынды дами береді деген көзқараста. Өйткені олар 20 жыл ішінде Астананың қаншалықты алға кетіп қалғанын қадағалап отыр. Басқасын айтпағанның өзінде, халықаралық экономикалық форумның дәстүрлі түрде Астанада өткізілуінің өзі көп жайтты аңғартса керек. Ал елордада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ыстығы әлі басыла қойған жоқ. Бұл көрме Астананың абыройын асқақтатқаны айдан анық.

Экономикалық форумда да бас қаланың бүгіні мен болашағы жайлы жағымды пікірлер айтылды.

Қазақстан Президенті де әлем көз тіккен халықаралық көрменің енді халықаралық қаржы орталығына айналғанын тілге тиек етті. Астана инвесторлар үшін ашық екенін айтты. Бірлесе тиімді жұмыс істеуге шақырды. Сонымен бірге форумға келген мəртебелі меймандарды осы қаржы орталығының ресми ашылу салтанатына қатысуға шақырды.

– Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді аталған қаржы орталығының ағымдағы жылғы 5 шілдеде өтетін ресми ашылу салтанатына шақырамын, – деді Қазақстан Президенті.

Форум барысында «Жасыл технологиялар жəне инвестициялық жобалар халықаралық орталығының» да таныстырылымы ұйымдастырылды. Бұл орталық та «ЭКСПО-2017» базасында құрылған. Негізгі міндеті – алдымен Қазақстанда, онан кейін Орта Азия елдерінде технологияларды дамыту арқылы әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отырған экологиялық проблемаларды шешу. Орталықтың ұстанған бағыты – энергетикалық секторды трансформациялау, трансферт жəне жаңа технологиялар мен үздік тəжірибелерге айрықша назар аудару.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Францияның индустрия, энергетика жəне цифрландыру жөніндегі министрі Эрик Бессон, тағы да басқа танымал саясаткерлер бұл орталықтың болашағы зор екенін айтып, жоғары баға берді.

Елбасы айтқан бес басты мегатренд

«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» ЖАЛҒАСАДЫ

Қазіргі уақытта Қазақстанда энергетикалық революция, «Жасыл экономика» жалғасын табуда. Өйткені бұл уақыттың талабы. Бүкіл әлем таза энергияға бет бұрды. Сондықтан да мұны жаһандық тренд деп бағалап үлгерді. Бұған байланысты нақты деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, жыл сайын балама энергия көздерінің көлемі айтарлықтай артып келеді. Соңғы 30 жылдың ішінде жаңғырмалы энергия мөлшері 13 есеге дейін артқан. Кейінгі бес жыл көлемінде күн панельдері арқылы энергия алу құны екі есеге жуық арзандаған.

Күнделікті ақпараттан белгілі болып отырғанындай, қазір көп ел үнемге баса назар аударады. Соның айқын бір айғағы – электромобильдер. Қазақстанда бұл сала соншалықты қарқын алып кете қойған жоқ, бірақ экономикалық өрлеуге бағыт-бағдар ұстанған мемлекеттерде электромобильдерге бетбұрыс ерекше байқалып отыр. Осы арқылы қоршаған ортаны тазартуға да жол ашылады. Яғни, жер-жаһанды алаңдатып отырған экологиялық мәселенің түйіні де тарқатылар еді. «Егер автопаркті электрокарлар алмастыратын болса, бұл жер бетіндегі ауаны 200 жыл бұрынғы деңгейге дейін тазартуға мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Президенті.

– Табиғи ресурстарға əлемдік сұраныстың сақталып отырғанына қарамастан, дəстүрлі энергия көздері бүгінде айтарлықтай басымдыққа ие бола алмай тұр, қазір ол көптеген мемлекеттер үшін жоғары табыс көзі емес. Осы орайда энергетикалық нарықтардың барлық ірі ойыншылары, яғни корпорациялар мен елдер жаңа энергетикаға көлемді инвестиция салумен айналысуда,– деді Президент.

Жаңа технологиялар туралы әңгіме болған жерде, қоршаған ортаны қорғау мәселесі де қатар жүретіні белгілі. Бұл жолы да солай болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун форумға қатысушылардың назарын баламалы энергетикаға аударды. «Осы бағытты ұстанған Қазақстан көшбасшылардың қатарында. Қазақстанның 2013 жылы жасаған «Жасыл экономикаға» көшу концепциясы Еуропалық одақтың бағыттарына сайма-сай келеді. Қазақстанның 2050 жылы энергияның 50 пайызын баламалық қуат көздерінен аламыз деген міндеттемесі бар. Және Президент Назарбаев 2017 жылы іске қосқан «Жасыл технологиялардың халықаралық орталығы» Қазақстанға бұл міндеттемелерді орындап, әлемдік көшбасшы болуға жақсы құрал болады деп ойлаймын. Баламалы қуат көздерін дамытуға тырысып-ақ жатырмыз. Алайда қоршаған ортаны ластауды да қояр емеспіз», – деді белгілі саясаткер.

Баламалы энергетика саласын қарқынды дамытуға байланысты Қазақстан Президенті айтқан ұсыныс форум делегаттарын қатты қызықтырды. Сондықтан болса керек, олар белсенді түрде атсалысқан тақырыптардың бірі осы. Тіпті, керек десеңіз, Елбасының ұсынысын іліп алып, «Өндіріс орындарын жаңартылған энергия көздеріне бейімдемейінше, экономикада серпінді алға басу мүмкін болмайды» деген де ой айтылды.

Қазақстан осыдан төрт жыл бұрын «Жасыл экономика» тұжырымдамасын қабылдап, соған сай 2030 жылға қарай энергетикалық баланстағы баламалы қуат көзін 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Егер бұл мақсат ойдағыдай орындалатын болса, онда баламалы энергия өндіруге байланысты міндеттерді орындау бойынша Қазақстан басқа мемлекеттердің алдына суырылып шығатын түрі бар. Осындай мақсатты ұмтылыстың бар екенін байқаған Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг: «Қазақстанда қазіргі күні «Жасыл экономикаға» айрықша бетбұрыс байқалады. Қазақстан баламалы энергетиканы дамытуға білек сыбана кіріссе, жел энергиясын Қытай, Корея мен Жапония елдеріне тасымалдай алады. Ол үшін Моңғолияның энергетикалық жүйесіне қосылу қажет. Сондай-ақ, сіздердің елдеріңіз қолға алып жатқан «Жасыл көпір» бағдарламасының да берері мол»,– деді.

Энергетика министрі Қ.Бозымбаев өзі басшылық жасап отырған саладағы жақсы істер мен тәжірибелер, осы бағыттағы жоспарлар жайлы былай деді: «Көптеген елдер үшін «жасыл экономика» мемлекет экономикасының өсуі мен азаматтардың əл-ауқатын арттырудың драйверіне айналды. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру жылдарында заманға лайықты энергия үнемдеу жүйесінің негізі құрылды».

 ХАЛЫҚ КӨП, АЗЫҚ-ТҮЛІК АЗ

 Қазақстан Президенті айтқан мәселелердің бірі осы – жер шары тұрғындарының саны өте жылдам қарқынмен өсіп келеді. Бұл ретте ең басты ескеретін нәрсе не? Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушылардың назарын осыған аударды. «Агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі мен ресурстарды пайдалану тиімділігін айтарлықтай арттыру қажет. Бұл сала енді жоғары технологиялық салалардың біріне айналуға тиіс. Қазақстанда заманауи жетістіктерді қолдана отырып, бес жылда агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсаты қойылып отыр», – деді Елбасы.

Соңғы деректерге қарағанда, көптеген мемлекеттерде халықтың өсімі өте жоғары. Сонымен бірге бірқатар елдерде адамдардың өмір сүру жасы артқаны байқалып отыр. «Соңғы онжылдықтағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері адам өмірінің орташа ұзақтығын айтарлықтай ұлғайта түсті. Соңғы 70 жылда ол 23 жылға, яғни 48-ден 71 жасқа дейін өсті. Қазақстанда бұл көрсеткіш тек тəуелсіздік жылдарының ішінде ғана 65 жастан 72,5 жасқа жетті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазір Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын қолға алған. Оған дәлелді алыстан іздеудің қажеті жоқ. Күні кешеге дейін миллион тұрғыны бар жалғыз қала Алматы еді. Енді оның қатарына Астана мен Шымкент қосылды. Бұл бағыттағы стратегия мемлекеттің басты назарында. Оған дәлел – Қазақстанның бас қаласы – Астананың 20 жылдығына орай осы жылғы 5 шілде күні Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің ірі қалаларының форумын өткізу жоспарланып отыр.

Иә, Қазақстан Президенті атап өткендей, әлемдегі демографиялық өсім мен өзгеріс ерекше. Осы ғасырдың ортасына таман жер шарын мекендейтін халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қазіргі деңгейден 60 пайызға көп азық-түлік өндіруге тура келетін түрі бар. Ал адамзаттың бұған шама-шарқы жете ме? Жоқ, әрине. Өйткені азық-түлік ресурстары көп елде шектеулі. Оған қоса әлемде су тапшылығы тағы бар. Бұл проблеманы шешудің жолдары жоқ емес, бар. Ол үшін ауыл шаруашылығы саласына ең алдыңғы қатарлы, тиімді де пайдалы технологияларды енгізу қажет.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ӨЗГЕРУІ

Global Challenges Summit 2018 форумында Елбасы «Жаһандық еңбек нарығының өзгеруі əлемдік өзгерістерге ықпал еткен бес негізгі үрдістің бірі» деп атады. «Таяу болашақта əдеттегі еңбек күшінің 80 пайызын роботтандырылған жүйелер алмастыратын болады. Бұл мəселенің басты шешімі – білім беру жүйесін реформалау. Білім беру ісінде креативті ойлау, қажетті ақпаратты таба білу, оны ұтымды пайдалану машықтарын үйретуге көшу керек. Техникалық прогрестің жылдамдығы қазіргі адамнан бірнеше мамандықты меңгеруді жəне өмір бойы білім алуды талап етеді. Қазақстан бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізуде. Біз бұл сынаққа дайындалдық жəне əлі де дайындық үстіндеміз», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Болашақ» бағдарламасының қолға алынуының түп-төркіні осында. Ширек ғасыр ішінде 13 мыңнан астам адам шетелде білім алды. Қазір 70 мың стипендиат шетелде оқып жатыр. «Білім сапасы əлемдік деңгейдегі өз университеттерімізді де аштық. Олардың қатарында Назарбаев университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қазақстан менеджмент, экономика жəне жоспарлау институты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бар. Аталған оқу орындарында біліктілігі жоғары мамандар əзірленуде. Мемлекет грант санын көбейтуге, студенттердің өмір сүру деңгейін жақсартуға күш салуда. Өткен жылы жастарға арналған тегін кəсіптік- техникалық білім беру бағдарламасын іске қостық, осы бағдарлама бойынша жастар алғашқы мамандығын алады, жұмысқа орналасады, əрі қарай өз өмірін жоспарлайд», – деді Елбасы.

Форумға келген мәртебелі мейман, әйгілі физик Ми-тио Каку келешекте медицина саласында үлкен өзгерістер болатынына сенімді. «Мен алдағы 30-100 жылға қатысты оптимистік көзқарастамын. Болашақ 30 жылда компьютерлік чиптер өте арзан тұратын болады. Компьютер сөзі ағылшын тілінен жоғалады. Интернетті тіпті көз линзаларында да қолдануға болады. Ол жарқ етсе, сіз онлайн тəртіпте интернетке шыға аласыз. Сонымен қатар медицина революцияландырылады. Себебі чиптер тегін болады. Шағын ғана микроскопиялық чиптер сіздің ішкі ағзаларыңызды фотосуретке түсіреді. Бұл да адам жасын ұлғайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар алдағы жақын болашақта адамзат баласы трансплантациялауға арналған органдарды зертханаларда өсіріп, дамыта алады. Сіз өз бауырыңызды зертханада дамып-жетілген бауырға алмастыра аласыз. Сол сияқты бұл чиптер де интеллектуалды болады», – деді белгілі ғалым.

 АЛЫС-БЕРІС АРТАДЫ

 Астана экономикалық форумында тек сындарлы пікірталас қана емес, сонымен бірге өзара тиімді келісімдер де жасалды. Соның бірі – Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағы туралы уақытша келісім. Тараптарға бұл уағдаластықтың берері қандай? Алдымен айтарымыз, бірқатар тауарлар бойынша кедендік баж салығы әжептәуір төмендейді. Бұл үш жыл уақытқа дейін сақталады. Мәселен, енді Иран 246 тауарға, ал Еуразиялық экономикалық одақ елдері 175 тауарға тарифтік жеңілдік жасамақ. Қазақстанның Иранға шығаратын экспорттық тауарлары 100-дің үстінде. Соның бәріне Иранда кедендік баж салығы төмендейді. Оның ішінде сиыр еті, қой еті, сары май, ноқат, бұршақ, жасымық, арпа, күріш, өсімдік майлары, макарон өнімдері, кондитерлік өнімдер, болат прокаты, рельстер, аккумуляторлар жəне тағы басқа өнімдер бар. Иран мемлекетінің де Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жіберетін тауарлары жеткілікті. Оның басым бөлігі азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық заттар. Енді ирандықтардың өз өнімдерін он пайыз жеңілдікпен тасымалдауға мүмкіндігі болады. Осындай уағдаластықтан кейін Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-саттық бұрынғыдан да жандана түспек.

«Еуразия бірыңғай экономикалық кеңістігін қалай құруға болады?». Бұл форумда талқыланған тақырып. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян былай деді: «Қытай Халық Республикасы экономикалық өсудің жаңа тұжырымдамасын ұсыну барысында бірлесіп жұмыс жасауға мүдделі екенін білдірген болатын. Бекітілген келісімшарт негізінде екі жақта да тауар айналымындағы бəсекеге қабілеттілік артып, тұтыну көлемінің ұлғаятыны түсінікті. Қытаймен жасалған ортақ келісім бір бағытта шектелмей, экономиканың барлық салаларындағы тауар айналымы қамтылып отыр».

Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин біздің ел мен Қытай мемлекеті арасында жасалған «Бір белдеу, бір жол» жобасына биыл бес жыл толатынын айтты. Осы жобаға байланысты Қазақстанда инфрақұрылымдық жұмыстар жүзеге асып келеді. Соның бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай дəлізі». Осының нәтижесінде автожолдар жақсарды. Осындай жұмыстар алдағы уақытта жалғаса бермек.

Қытайдың министр дəрежесіндегі xалықаралық сауда өкілі Фу Цзьин өз елінде электронды коммерцияның жақсы дамығанын мысалға келтірді. Интернет арқылы сауда жасаудан түсетін пайданың өзі – 100 млн доллар. Бұл сауда-саттықта Еуропа мен АҚШ-тың үлесі басым. Енді оған Еуразиялық экономикалық одақ елдері қосылатын болды.

 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ҚАНДАЙ?

 «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік». Астана экономикалық форумында осындай тақырып та талқыланды.

Дін істері жəне азаматтық қоғам министрі Дархан Кəлетаев азаматтық қоғамның дамуы жөнінде бірқатар өзекті мəселелерге тоқталды. «Қазақстан əлемдік трендтермен бір бағытта даму үстінде. Мемлекет басшысы ғаламдық дамудың басты бес мегатрендін атап өтті. Бұл ретте, Астана экономикалық форумы аясында біз азаматтық қоғамның келешегіне көз салуды жөн санадық. Жаңа азаматтық позитивтік белсенділік халық пен мемлекет өміріне қалай ықпал ететінін талқылау үшін беделді сарапшыларды шақырдық», – деді Д.Кəлетаев.

Қазір қоғам өмірінде әлеуметтік желілердің орны зор. Адамның ой-санасына да оның ықпалы бар. Министрдің пікіріне қарағанда, əлеуметтік желілер мен интернет азаматтық белсенділіктің виртуалды түрін ашып отыр. Осы арқылы енді əрбір адам мемлекеттік бастамаларды, қоғамдық мəселелерді талқылауға қатыса алады. Нақты ұсыныстар айтуға мүмкіндігі бар.

«Hertie» мемлекеттік басқару жоғары мектебінің президенті, əлеуметтанушы Хельмут Анхейер: «Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара сенім өте маңызды. Көптеген елдерде Үкімет азаматтық қоғамды оппозиция немесе қоғамға қарсы ықпал ететін ұйым ретінде көреді. Бірақ, меніңше, олар өздерінің қоғамдағы рөлін түсіне отырып, тиімді ықпалдаса алады», – деді.

 

Ғалым ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Астана.

Редакция таңдауы

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...
aza

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен...
pr

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп...
263642.p

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе...

Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

ДИМАШ – АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...