Жаңалықтар

Француздар Сауд Арабиясы королінің демалысына кедергі келтірді

ашық дереккөзі

Француздар Сауд Арабиясы королінің демалысына кедергі келтірді

Демалысын Францияда алаңсыз өткізбек болған Сауд Арабиясы королінің ойы жүзеге аспай қалды. Франция жағалауында 21 күн демалам деп жоспарлаған монарх небәрі 1 аптадан соң өз Отанына қайтуға мәжбүр болды. Өйткені француздар тыныштық бермеген. Францияға келгелі корольдің жергілікті тұрғындардың арыз-шағымынан құлағы тұнған. Себебі әл-Сауд отбасының осы өкілі демалысқа келгендіктен Ривьерадағы көпшілікке арналған жағажай өзгелерге қызмет көрсететуден бас тартқан. Мұндай шектеуді бұрын-соңды көрмеген 100 мыңнан астам тұрғын жағажайдың қараға да, ханға да бірдей қолжетімді болуын талап етіп, Франциядағы теңдік туралы заңның сақталуын сұрады. Ақыры король Салман барлық қызметшілерімен Франциядан небәрі 1 аптада кетуге мәжбүр болды. informing.ru таратқан ақпаратқа сүйенсек, монарх әу баста француздардың жерінде 21 күн аялдаймын деген жоспармен келген.