Жаңалықтар

Ақмола облысында 264 түлек «Алтын белгіден» үміткер

ашық дереккөзі

Ақмола облысында 264 түлек «Алтын белгіден» үміткер

Ақмола облысында биыл 264 мектеп бітіруші түлек «Алтын белгі» төсбелгісінен үміткер, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл былтырғымен салыстырғанда 50 балаға көп. Өткен жылы өңірде 215 оқушы «Алтын белгіге» тапсырып, барлығы да осы атақты абыроймен қорғап шыққан болатын. Жалпы осы жылы аймақта 5 мыңға жуық бала мектеп бітірсе, олардың 3600-ден астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Олар үшін облыс бойынша 11 жерден емтихан тапсыру орындары жабдықталған. Ал 126 бала үздік аттестатқа ұсынып отыр. Әсемгүл Сүлейменова, облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі: - ҰБТ тапсыру жүйесі биыл өзгерген жоқ. Бұрынғыдай қалды. Тек бір ғана жаңалық, талапкерлерге тестілеуден өткені туралы қағазбен қоса еліміздегі жоғары оқу орындары мен ондағы мамандықтар жайлы ақпараттық парақша таратылады. Осы арқылы олар ары қарай мамандық таңдап, қай оқу орнына құжат тапсыруға болатынын біле алады.