Airbus-320 ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті

Airbus-320 ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті

Airbus-320 ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті
ашық дереккөзі
Астана әуежайында Airbus-320 ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында. "Бүгін Астана әуежайында Эйр Астана әуекомпаниясының KS352 Шымкент - Астана рейсінің тіркеу нөмірі P4-KВВ Airbus-320 ұшағы 13:22-де қонғаннан кейін ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген. Аэродром 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 10 минутқа дейінгі аралықта жабылды. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр",- делінген хабарламада. Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.