Алматы әкімдігі жаяу жүргіншілер жолын қайтаруда

Алматы әкімдігі жаяу жүргіншілер жолын қайтаруда

Алматы әкімдігі жаяу жүргіншілер жолын қайтаруда
ашық дереккөзі
Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек қаланың бірқатар көшелерін аралап көрді және оларды абаттандыру жөнінде нақтылы тапсырмалар берді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми сайты. Мегаполис басшысы Қалдаяқов көшесінің шығысына қарай Гоголь мен Әйтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды, мұнда нысанның меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған. Тиісті басқармаға қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көшелері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға қатысты шара қолдану тапсырылды. Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзінің жеке қаржысы есебінен атқаратын болады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде Гоголь көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз қрлысытардың барлығы алынады. Айта кетерлігі, бұрын Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаске жөнделген еді. Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады. Жер асты өтпелі жолдардың барлығы күрделі жөнделеді, жаңа фонтандар салу жоспарланған. Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады