22 Мамыр, 11:43 323 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Душанбеде Тегеран саясатына қарсы наразылық акциясы өтті

21 мамырда Душанбеде Иран елшілігі алдына ондаған адам жиналып, Тәжікстанда тыйым салынған Исламның жаңғыруы партиясына және Иран билігіне қарсылық білдірді.

Куәгерлердің айтуынша, наразылық митингісі жарты сағатқа созылған, елуге тарта адам жиналған. Қатысушылардың қолдарына Исламның жаңғыруы партиясы мен Иранды сынайтын транспаранттар болған.

Астана милициясы тез арада арнайы оперативті топ жіберіп, наразылық акциясын тарқатқанын хабарлады.

"Наразылық шарасы рұқсат етілмегендіктен, оларды бірден тарқаттық. Бірнеше белсенді ұсталды. Кейін олардан түсініктеме алып, үйлеріне қайтардық", - деді милиция өкілі.

Әзірге митингке шыққан жастардың кімдер екені, олардың қандай мақсаттары болғаны белгісіз.

15 мамырда Рамазан айының алдында Тәжікстан мұсылмандары өкілдерімен кездескен президент Эмомали Рахмон "елді шииттік бағытқа көшіруді қалайды" деп Исламның жаңғыруы партиясы лидерлерін сынға алған.

Тәжікстан арнайы қызметінің хабарлауынша, Исламның жаңғыру партиясының бірқатар мүшелері Ираннан пана тапқан.

Соңғы жаңалықтар