Жаңалықтар

«ЭКСПО-ға» қосымша қаражат бөлінбейді

ашық дереккөзі

«ЭКСПО-ға» қосымша қаражат бөлінбейді

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Болат Әшімов «ЭКСПО 2017» халықаралық көрме кешенінің құрылысына қосымша қаражат бөлінбейтіндігін мәлімдеді. «Біздің ойымызша, алдын-ала саналған қаражаттан аспайды.

Сол бөлінген қаражатты жеткізуге тиіспіз. Жеті үлкен-үлкен мердігермен қоса, оларға көмекке жалданған жүзден астам қазақстандық мекеме бар. Барлығы жаңадан басталып жатқандықтан мекемелердің саны артуы мүмкін. Меніңше, санға салсақ, жұмыстың 30-40 пайызы істелініп қойды. Тапсырылмаса да, дайындығы да, сатылымы да бар» ,̶ дейді Б. Әшімов.  Осы уақытқа дейін көрме құрылысының 30 пайызы орындалып үлгерілген. Ал көрмеге бөлінген 470 миллиард теңгенің 100 миллиард теңгеден астамы осы уақытқа дейін игерілген.