Бурабайдағы тарихи-өлкетану музейі қайтадан ашылды

Бурабайдағы тарихи-өлкетану музейі қайтадан ашылды

Бурабайдағы тарихи-өлкетану музейі қайтадан ашылды
ашық дереккөзі
Бурабайдағы тарихи-өлкетану музейі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды, деп хабарлайды Хабар 24. Жаңарту жұмыстарына облыстық бюджеттен 32 миллион теңге қаржы жұмсалған. Енді аталған нысан туристерге өңір тарихын таныстырып қана қоймай, кісі көп келетін тартымды орын болмақ. Мұнда тарих, этнография және өлкетану атты үлкен 3 зал бар. Музейге 8 мыңға жуық экспонат қойылған. Барлығы да Бурабайдың тарихынан сыр шертеді. Ал келекшекте жәдігерлер саны 12 мыңға жетеді. Жалпы аталған нысан Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жетінші филиалы. Оның іргесін осыдан 27 жыл бұрын жергілікті тарих зерттеушісі марқұм Әмина Тұрсынбаева қалаған болатын. Шәмшия Есқара, Ә.Тұрсынбаеваның қызы: - Мен оның шофері болатынмын. Машина айдайтынмын ол кезде. Сонымен екеуміз бүкіл совхозды аралап, зат жинайтынбыз музейге. Ол кезде музей ашу жеңіл емес. Енді сөз жоқ. Тек ғана көңіл.  Тек Әмина апаның жоғын қарашы деп, жүрек дүрсілдейді.