Головкин - Альварес жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін

Головкин - Альварес жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін

Головкин - Альварес жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
БАҚ Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі өтуі мүмкін жерлер мен уақытты атады, деп хабарлады Vesti.kz Соңғы мәліметтер бойынша, командалар арасында жекпе-жекті ұйымдастыруға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірше нақты мәлімет жоқ, алайда бокс саласының мамандары өз инсайдтарын жариялады. Мәселен, ESPN шолушысы Дэн Рафаэль сұхбаттарының бірінде жекпе-жектің өтетін жері мен уақытын айтып қалды. "Мен Головкин - Альварестің Лас-Вегасқа оралатынына кәміл сенемін, кездесу өткен жолғы T-Mobile аренасында өтеді",- деп келтірді оның сөзін boxingnews24.com. Әңгіме 15 қыркүйек жөнінде. Бұл күн Мексиканың Тәуелсіздік күні мерекесіне сәйкес келеді. Олардың бірінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте өткен еді. Еске сала кетейік, Альварес допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алты айға шеттетілді. Ол мерзім тамызда аяқталып, ол 15 қыркүйекте боксқа орала алады. Головкин - Альварес реваншы 5 мамырда өтуі тиіс еді, алайда мексикалық боксшы допингке қатысты дауға тап болды. Головкин "Канелоның" орнына Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.