Головкин – Альварес жекпе-жегі қашан және қай жерде өтуі мүмкін

БАҚ Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі өтуі мүмкін жерлер мен уақытты атады, деп хабарлады Vesti.kz

Соңғы мәліметтер бойынша, командалар арасында жекпе-жекті ұйымдастыруға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірше нақты мәлімет жоқ, алайда бокс саласының мамандары өз инсайдтарын жариялады.

Мәселен, ESPN шолушысы Дэн Рафаэль сұхбаттарының бірінде жекпе-жектің өтетін жері мен уақытын айтып қалды.

«Мен Головкин – Альварестің Лас-Вегасқа оралатынына кәміл сенемін, кездесу өткен жолғы T-Mobile аренасында өтеді»,- деп келтірді оның сөзін boxingnews24.com.

Әңгіме 15 қыркүйек жөнінде. Бұл күн Мексиканың Тәуелсіздік күні мерекесіне сәйкес келеді. Олардың бірінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте өткен еді.

Еске сала кетейік, Альварес допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алты айға шеттетілді. Ол мерзім тамызда аяқталып, ол 15 қыркүйекте боксқа орала алады.

Головкин – Альварес реваншы 5 мамырда өтуі тиіс еді, алайда мексикалық боксшы допингке қатысты дауға тап болды. Головкин «Канелоның» орнына Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Back to top button