Жаңалықтар

Кубада аза тұту күні... Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады

ашық дереккөзі

Кубада аза тұту күні... Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады

Кубада ұшақ апатынан көп адамның қаза болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды. Мамырдың 18-і күні Гавана әуежайынан елдің шығысындағы Ольгин қаласына ұшып шыққан Куба мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы әуеге көтеріле салысымен көп ұзамай жерге құлаған. Ақпарат агенттіктерінің дерегінше, ұшақта жүзден астам адам болған. Жергілікті басылымдар апаттан үш адамның тірі қалғаны, ауруханаға жеткізілген олардың жағдайы өте ауыр екені туралы хабарлады.