Навальныйдың партиясы "Болашақ Ресей" деп атала ма?

Навальныйдың партиясы "Болашақ Ресей" деп атала ма?

Навальныйдың партиясы "Болашақ Ресей" деп атала ма?
ашық дереккөзі
Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың саяси партиясы «Болашақ Ресей» деп аталмақ. Бұл туралы шешімді оппозиционердің жақтастары мамырдың 19-ы күні өткен съезде қабылдады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Навальный негізін қалаған «Жемқорлыққа қарсы күрес қорының» заңгері Любовь Собольдің айтуынша, әзірге партия Әділет министрлігінің тіркеуінен өтпеген. Алексей Навальныйдың өзі қазір қамауда отыр. Мамырдың 5-і күні «Ол бізге патша емес» қарсылық акциясы кезінде ұсталған оппозиционерге «қоғамдық шаралар ұйымдастыру тәртібін бұзған» және «полицияға бағынбаған» деген айып тағылып, мамырдың 15-інде Мәскеу соты оны 30 тәулікке қамаған. Биыл Ресей президенті қызметіне кезекті мерзімге сайланған Владимир Путиннің инаугурациясы қарсаңында, мамырдың 5-і күні Ресейдің бірқатар қалаларында «Ол бізге патша емес» қарсылық акциясына шыққан Навальныйдың жақтастарын билік ұстап, әкімшілік жауапқа тартып жатыр. Видео: Ресейдегі Путинге қарсылық шеруі (5 мамыр 2018 жыл) Жаңа партияның құрылтай жиыны өтетіні туралы хабарлама Ресей әділет министрлігіне сәуірдің басында жолданып, министрлік хабарламаны алғанын растаған. Ол кезде жаңа ұйымға уақытша «Жұмыс атауы» деген ат берілуін Навальный партияны ешкім «ұрлап алмас үшін» жасалды деп түсіндірген. Ақпанның 22-і күні Навальныйдың Мәскеудегі штабы басшысының бұрынғы орынбасары Виталий Серуканов «Прогресс партиясы» съезіне қатысқаннан кейін әділет министрлігіне ұйымды тіркеу туралы өтініш берген. Серуканов әлгі өтінішті дәл осындай атаумен партия тіркетуді жоспарлаған Навальныйдың жақтастарынан екі апта бұрын беріп үлгерген. Навальный мен жақтастары 2012 жылдан бері «Прогресс партиясы» деген атаумен саяси ұйымды тіркетуге талпынып келген.