«Тұлпар-Тальго» пойызына билетті ерте сатып алушыларға 35 пайыз жеңілдік қарастырылған

«Тұлпар-Тальго» пойызына билетті ерте сатып алушыларға 35 пайыз жеңілдік қарастырылған

«Тұлпар-Тальго» пойызына билетті ерте сатып алушыларға 35 пайыз жеңілдік қарастырылған
ашық дереккөзі
Қазақстан темір жолындағы жолаушылар тасымалдау кешені мен магистральдық инфрақұрылымы жазғы тасымалдау маусымына әзірліктерін аяқтап қалды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2192 вагонды құрайтын жылжымалы құрам мүлік паркін әзірлеуде. Онда сенімді ауа баптағыштар орнатылады. Сумен қамту жүйелері ретке келтіріледі. Вагондарға тиісті эстетикалық әрлеу жұмыстары жасалады. Жолаушылардың сұранысына орай, 2018 жылғы маусым - тамыз айларында Алматы-Семей, Алматы-Қостанай, Астана-Достық қосымша пойыз бағдарлары жолға шығады. Жазғы тасымалдау маусымы кезінде пойыз бригадаларымен этика, сөйлеу мәнері, ағылшын тілін меңгеру арнайы нұсқамалық сабақтары тұрақты өткізіледі. «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына алдын-ала билет сатып алушыларға 35 пайыздық деңгейде жеңілдік қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың пойызда жайлы жүріп-тұруы үшін тиісті шаралар қабылдануда. 22 бағдардағы 37 жолаушылардың жылжымалы құрамына мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз мінуіне жағдай жасалды. Жолаушылардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтау шаралары қолға алынған. Көліктегі құқық қорғау орындарымен бірлесіп «Қауіпсіз пойыз», «Қауіпсіз вокзал» рейдтерін жүргізіп отырады. «Жолаушылар құқығы» жобасы аясында жолаушылардың құқығы мен мүддесіне нұқсан келген жағдайда шұғыл шаралар жасау көзделеді. Балалардың жазғы каникулы кезінде теміржолдар мен нысандары маңында жүру тәртібіне ерекше назар аударылады. Қазіргі кезде мектептерде түсіндіру жұмыстары белсенділікпен жүргізілуде. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 107 бағдарға қызмет көрсететін болса, оның 10-ы – халықаралық бағдарлар. 15 пойыз «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған. Оның 59-ы қала маңы бағдарына қатынайды. Компания жыл сайын 18 миллион жолаушыларды тасымалдайды. Бұл көрсеткіш жылма-жыл артып келеді. 2018 жылы жазғы маусымда бес миллион жолаушыларды тасымалдау жоспарланып отыр. Азаматтардың өтініштерін жедел қарау үшін теміржол көлігінде жолаушыларға 1433 нөмірі аптаның барлық күндері тәулік бойы бірыңғай контакт (қосылу) орталығы жұмыс жасайды.