БҰҰ: 2050 жылға таман Орталық Азия халқы 94 миллионнан асады

БҰҰ: 2050 жылға таман Орталық Азия халқы 94 миллионнан асады

БҰҰ: 2050 жылға таман Орталық Азия халқы 94 миллионнан асады
ашық дереккөзі
БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелері бойынша департаменті жариялаған есеп бойынша, 2050 жылға таман Орталық Азия елдеріндегі халық саны 94,2 миллион адамға жетеді. Осы уақытқа дейін Өзбекстанда 40,8 миллион адам, Қазақстанда — 23 миллион, Тәжікстанда — 14,5 миллион, Қырғызстанда 8,1 миллион, Түркіменстанда — 7,8 миллион адам өмір сүреді, деп есептейді БҰҰ. Ресей халқы 133 миллион адамға дейін қысқарады, делінген БҰҰ баяндамасында. Болжамға сенер болсақ, 2015 жылғы есеппен салыстырғанда, Ресей халқы шамамен 20 миллионға азаяды.