"Қайрат" жеңіске жетті

"Қайрат" жеңіске жетті

"Қайрат" жеңіске жетті
ашық дереккөзі

Кеше Алматы қаласындағы Орталық стадионда «Қайрат» футбол командасы Шотландияның «Абердин» футбол командасын қабылдады. Еуропа Лигасының үшінші іріктеу рауды аясында өткен ойын да алматылық «Қайрат» 2:1 есебімен қарсыластарынан басым түсті.

Өз алаңында ойын өткізген «Қайраттықтар» ә дегеннен-ақ ойын тізгінін өз қолдарына алды. Алғашқы минуттардан бастап  шабуыл ұйымдастырған алаң иелері 12-минутта есеп ашты. Михаил Бакаевтың тепкен добы «Абердиндіктер» қақпасынан табылды. Арада 9 минут өткенде Бауыржан Исламханның шамамен 35 метр қашықтықтан тепкен добы қарсыластар қақпасына еніп, есепті еселеді. Бауыржан Исламханның салған голынан кейін «Қайрат» футбол командасының жанкүйерлерінің қуанышында шек болмады. Есепті 2:0-ге жеткізгеннен кейін алматылық «Қайрат» футболшылары ойын алаңында өздерін еркін сезіне бастады. Алғашқы таймда есеп өзгере қоймады. Екінші таймда да алаң иелерінің допты иемденуі басым болды. Бірақ ойынның 68-минутында шотландиялықтар алғашқы голды салды. Есеп 2:1. Екінші таймда екі команда да шабуылдан қашпады. Алайда ойын нәтижесі өзгермеді. Тартысты өткен ойын нәтижесі «Қайрат» футбол командасының жеңісімен аяқталды. Орталық стадионға жиналған «Қайраттық» жанкүйерлердің санында есеп жоқ. Мыңдаған жанкүйерлер ойын соңына дейін сүйікті футбол командасына қолдау көрсетті.