БҰҰ Газа секторындағы Израиль әрекетін қатаң сынады
БҰҰ Газа секторындағы Израиль әрекетін қатаң сынады
Газа секторында мыңдаған палестиналық 14 мамырдағы наразылық акциясы кезінде оққа ұшқан ондаған адамды жерлеуге жиналды. Соңғы мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде 62 адам мерт болған. Жиналысты БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жөніндегі арнайы өкілі Николай Младенов ашты. Ол марқұмдардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, халықаралық қауымдастық Израильмен шекарада болып жатқан қақтығыстарды қатаң сынайтынын ерекше атап өтті. "Түрлі деректер бойынша, Газа секторында кем дегенде 60 адам қаза болды, олардың алтауы - бала, 1300 адам жараланған. Бір Израиль сарбазына оқ тиген", - деді Младенов. Ол бұны 30 наурызда наразылық акциялары басталғаннан бергі уақыттағы "ең қанды күн" деп атады. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы мәлімдеме таратты: "Бұл маңда кез-келген адам: әйелдер, балалар, журналистер, шұғыл көмек қызметкерлері, шекарадан 700 метр қашықтықта кездейсоқ кетіп бара жатқан адам оққа ұшуы мүмкін сияқты көрінеді".