16 Мамыр 2018, 10:33 627 0 Білім Назым Тойлыбаева

Латын әліпбиін үйренуге арналған мобильді пернетақта іске қосылды

Фото: presidentfoundation.kz
Фото: presidentfoundation.kz

Жаңа қазақ әліпбиін тез үйренуге арналған мобильді қосымша іске қосылды, деп хабарлайды Хабар 24

Qazaq Latyn Keyboard атты жобаны мемлекеттік тілді дамыту қоры жасаған. Ондағы пернетақтада кириллицамен терілген мәтін автоматты түрде латын графикасына аударылады. Болашақта басқа жазу үлгілері де енгізілуі мүмкін. Қосымша жүктеп алуға және қолдануға өте ыңғайлы. Қолданушылар сұранысына қарай мамандар бағдарламаны тағы да жетілдіре түспек.

Азат Шауеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры: – Мұның алдында да кез келген адам әртүрлі клавиатурамен теріп жүрді. Мысалы, біреулер «қазақ», «қыз» деген сөздерді «казак», «кыз» деп жазып жүрді. Соның бәрін ойлана келе, клавиатура жасауды мақсат еттік. Өзіміздің тарапымыздан жасап отырған дүние. Бір айдың ішінде 5 мың адам еш жарнамасыз жүктеп алды.

Соңғы жаңалықтар