Головкин The Ring журналының P4P-рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды

Головкин The Ring журналының P4P-рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды

Головкин The Ring журналының P4P-рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды
ашық дереккөзі
Беделді журналдардың бірі The Ring салмақтық категориядан тыс әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz Өзгерістер тек үздіктер үштігінде орын алды. Қазақстандық Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалды. Екінші орынға Василий Ломаченко, үшінші орынға АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд жайғасты. Толық ТОП-10:
  1. Геннадий Головкин (Казақстан)
  2. Василий Ломаченко (Украина)
  3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
  4. Сауль Альварес (Мексика)
  5. Майки Гарсия (АҚШ)
  6. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)
  7. Наоя Иноуэ (Жапония)
  8. Эррол Спенс (АҚШ)
  9. Сергей Ковалев (Ресей)
  10. Гильермо Ригондо (Куба).