Жаңалықтар

2020 жылға қарай Қазақстанда 6 мың шақырым жол ақылы болады

ашық дереккөзі

2020 жылға қарай Қазақстанда 6 мың шақырым жол ақылы болады

2020 жылға қарай еліміздегі автомобиль жолдарының 6 мың шақырымнан астамы ақылы болады. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлiгiне сілтеме жасай отырып, «ҚазАқпарат» хабарлады. «Қазiргi уақытта республикалық автомобиль жолдарын күтiп ұстауға қажеттi қаражат жеткiлiктi деңгейде бөлiнiп отырған жоқ (қаржыландыру нормативтерiнiң тек 40 пайызы). I және II техникалық санаттағы сапалы жолдарды күтуге қажеттi қаражат жетiспеушiлiгiн азайту мақсатында республикада ақылы жолдар жүйесi кезең-кезеңiмен енгiзiлуде. Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған көлiктiк инфрақұрылым жүйесiн дамыту және ықпалдастыру мемлекеттiк бағдарламасы аясында 6 186 шықырым республикалық жолдарға ақылы жүйенi енгiзу жоспарлануда», – дейді ведомство. Осы мақсатта 2013 жылы құрылған және осы салада ұлттық оператор болып табылатын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық жолдарға ақылы жүйенi енгізбек. Ақылы жолды пайдаланушылардан жиналған қаржы инвесторлардың қарызын қайтаруға жұмсалады деп жоспарлануда. III техникалық санаттағы республикалық жолдарда жүк көлiктерiне ақылы жүйе енгiзу мәселесі де қарастырылып жатыр екен. Тәжiрибе көрсеткенiндей, ең негiзгi пайда көзi дәл осы көлiк түрлерiнен түседі. Ақылы жүйе есебінен түсетін қаражат «Нұрлы жол» аясында салынған жаңа жолдардың күтімін қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді деп күтілуде