14 Мамыр 2018, 15:23 598 0 Технологиялар Назым Тойлыбаева

Маңғыстау облысында полиция жолдарды дронмен бақылайды

Маңғыстау облысындағы өңірлік және республикалық маңыздағы жолдарды полицейлер қашықтықтан басқарылатын ұшу аппараттарымен бақылауға көшті, деп хабарлайды 24.kz

Фото және бейне-бақылау камераларымен қамтылған дрондар жол ережесін бұзған машинаның номерін Ақтаудағы процессуальдық орталыққа жүктейді. Кейін айыппұл түбір-тегі, көлік иесінің мекенжайына пошта арқылы жіберіледі. Пилотсыз ұшу аппараттары 50 шақырым қашықтыққа 2,5 сағатқа дейін ұша алады. Сондай-ақ екі кило-метр биіктікке көтеріліп, сағатына 110 шақырымға дейін жылдамдықпен самғайды. Озық технология қазір Ақтау-Жаңаөзен, Ақтау-Сайын Шапағат трассалары бойында қолданылуда.

Ал 4 мамырдан бері қала көшелерінде «Скат» мобильді бейнежазу құрылғысы пайда болды. Жолдағы тәртіпті бақылайтын құрал тәулік бойы бірнеше орынға ауыстырылып тұрады.

Соңғы жаңалықтар